Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда тапа-тал түсте дүкен тонаған ұры видеоға түсіп қалды (видео)

Ақтауда 19 тамыз күні жетінші ықшамауданда болған дүкен тонау әрекеті видеоға түсіп қалған.

Безымянный

Бұл туралы “Лада” хабарлайды.

Оқиға кезінде дүкен ішінде тек сатушы болыпты. Сағат 11:30 кезінде бейтаныс ер адам темекі сатып алу үшін кірген. Бірақ, темекінің тек қорабымен сатылатынын білген соң кетіп қалады.

“10 минуттан соң ол қайта келіп, дүкен алдына тұрды. Ол басқа жерден темекі сатып алып, біздің дүкеннің қасындағы қоқыс тастағышқа келіп шеккелі тұр деп ойладым. Бірақ, темекі түтіні байқала қоймады. Сосын ол дереу дүкенге кіріп келді де, қаруын кезеніп кассадан барлық ақшаны шығар деп бұйырды. Ол қара көзілдірік тағып, медициналық маска мен бас киім киіп алған. Бетіне де қарамадым қорыққанымнан”, – дейді сатушы.

Әйел оған сегіз мың теңге ұстатады. Осыдан соң ұры оқиға орынынан тайып тұрған. Сатушы да дереу полицияға хабар береді.

Оқи отырыңыз:

Астанаға жақын маңдағы орман жанынан адам сүйегі табылды

Полицей: Педофил мен шалбарын көтеріп жатқан баланы көргенде әлем көз алдымда жойылып кетті (видео)

Алматыда полицей төбелескен екі ер адамды ажыратпай жұмысын жалғастыра берді (видео)

Анастасия Заворотнюк Испаниядағы теракті кезінде өмірімен қош айтыса жаздады (видео)

Талқылау