Ақтауда таксиге отырғаннан кейін жоғалып кеткен 21 жастағы келіншек Түркістаннан табылды

Туыстары жоғалып 10 шілдеде жоғалып кеткендігі туралы мәлімдеген Қырмызы Энепияева Түркістан қаласынан табылды.

Ақтауда таксиге отырғаннан кейін жоғалып кеткен 21 жастағы келіншек Түркістаннан табылды

Бұл туралы «Лада» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Екі күн бұрын жоғалып кеткен Қырмызы Энепияева Түркістан қаласындағы бұрын бірге оқыған группаласының пәтерінен табылды.

Маңғыстау ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, келіншек бұрын жолсерік болып жұмыс істеген және Түркістанға пойызға билетсіз отырып кетіп қалған.

«Қазіргі уақытта келіншек аман-есен. Келіншектің туыстары оны өздері алып кеткісі келетіндерін айтты», – дейді баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетсек, 10 шілдеде кешкі сағат 18:00 шамасында келіншек Сары базардан үйіне қайтпақ болып, таксиге отырған. Сол уақыттан бері оның қайда екенін ешкім білмеген.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар