Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда шенеуніктер мемлекеттік көлікті жеке мақсаттарына пайдаланып жүр

Ақтауда мемлекеттік көлікті жеке мақсаттарына пайдаланып жүрген шенеуніктер көп. Мекеме басшылары жүргізушілеріне қызметтік көлікпен балаларын таңда балабақша, мектепке тасытатын көрінеді.

Безымянный

Бұл туралы 31 арна хабарлап отыр.

Сағат таңғы жеті жарым. 11-ші шағын аудандағы нөмірі 4-ші мектеп гимназиясы. Мектеп алдына көліктің түр-түрі келіп жатыр. Ең қызығы сол – оқушыларды тасып жүргендердің ішінде қызметтік көліктер де бар. Міне мынау көлік бірінші көзге түсті. Мемлекеттік нөмірі 3298 АУ. Демек, қорғаныс министрлігіне қарасты. Бірақ, ішінен сарбаздар емес, оқушылар түсіп жатыр.

Ал бұл 12-ші шағын аудандағы нөмірі 13-ші гимназия. Мұнда да сол. Міне мемлекеттік нөмірі 097 КР автокөлігі. Шенеунік алдымен көліктен өзі түсіп, мектеп жасындағы баласына есік ашты. Нөміріне қарасақ, көлік ішкі істер басқармасына тиесілі. Яғни, бұл оқушы полицияның шенді қызметкерінің баласы болуы әбден мүмкін.

Бұл көліктің кеткені сол еді, тағы бір мемлекеттік көлікті көзіміз шалды. Мемлекеттік белгісі 010 АК. Бұл енді өте қымбат көлік. Оның ішінен де екі бала түсіп жатыр. Шамасы бұл оқушылардың да ата-анасы бір мемлекеттік мекеменің мүйізі қарағайдай қызметкерлері сияқты.

Ішкі істер департаменті қызметтік көліктерді жекеге пайдаланғандарды жауапқа тартамыз деп отыр. Яғни, бұл материалдан кейін оларға қандай шара қолданатынына жазбаша түрде мәлімдеме жасамақ.

Талқылау