Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда салық төлемегендердің аты-жөндері алып билбордтарға ілінді

Ақтауда салық төлемегендердің аты – жөндері, тегі мен туған жылдары анау-мынау емес, көшедегі алып билбордтарға ілінді. Мамандар мемлекетке қарызын қайтармаған тұрғындардан ақша өндірудің осындай жаңа әдісін ойлап тапқан.

салық

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Қаланың қақ ортасында ілініп тұрған әр жарнама тақтайшасында 5 адамның есімі тайға таңба басқандай жазылған. Олар көбіне жеке кәсіпкерлер екен. Әрқайсысының берешегі бір миллион теңгеден асып жығылады дейді, – мамандар. Ал, қала бойынша жер, мүлкі үшін төлейтін салықтан жалтарып жүрген әлі 34 мың тұрғынның 16 миллиард 200 мың берешегі бар екен. Борышкерлердің есімдері жарияланған билбордтар әзірге Ақтаудың 4 жерінде ілінген. Қара тізімдегі келесі адамдарды ұятқа қалдырту үшін банерлер үнемі ауыстырылып тұрады.

Талқылау