Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда сал ауруына шалдыққан қыз аяғымен әшекейлер жасап жүр

24 жастағы Гүлберген Ғаниева церебральды сал ауруына шалдыққан. Осыдан үш жыл бұрын анасы оған аяғымен түрлі әшекей-бұйым жасап, тоқуды үйреткен. Бүгінде бойжеткен өз бетімен түрлі әшекей жасай алады.

Сурет: Гүлберген Ғаниеваның жеке парақшасынан

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Анасы Шынар Ғаниеваның айтуынша, қызының төрт айлығына дейін оның ауруы туралы білмеген. Тіпті, дәрігерлер айтқан кезде де, бұл ауруға мойынсұнудан бас тартқан. Көп уақытқа дейін мүгедектік құжатын жасатпай, оны Алматы, Астана қалаларындағы ауруханаларда емдеткен. Бірақ, ем нәтижесіз болып, ақыры анасы бұл ауруға көндігеді.

Бос уақытын пайдалы өткізу үшін анасы оған түрлі әшекей-бұйым жасауды, жапқыштар тоқуды үйретеді. Бүгінде Гүлберген аяғымен моншақ, білезік жасап жүр.

Осыдан үш жыл бұрын мейірімді жандардың бірі оған планшет сыйлаған екен. Соның арқасында бүгінде Гүлберген инстаграм желісінде ерекше танымал.

Жуырда 24 жастағы бойжеткен Aktau Insta Awards байқауына қатысып, Hand made аталымы үшін бақ сынаған болатын. Желі қолданушылары оған дауыс беріп, байқау ұйымдастырушылары оған сыйлықты үйіне әкеліп берді.

Желі қолданушылары өз кезектерінде әрдайым Гүлбергенге қолдау білдіріп, жылы лебіздерімен қошеметтеп отырады. Тіпті, ақын Гүлнұр Тілеуқұлова оған арнап өлең жазған екен.

Бүгін өте қатты тәнті болдым,
Бұл Арудың өмірі жарқын болғын.
Көңіл-күйін түсірмей, қолын жаймай,
Таңдапты ғой өмірдің жарық жолын.
Әдемі ғой жасаған дүниесі,
Өмірінің кілтіне өзі иесі.
Ризамын мен қазақтың бұл қызына,
Қолдасыншы Маңғыстаудың мың киесі!
Салы суға кетпепті қиындықтан,
Қолмен емес, аяқпен өмірді ұтқан.
Бір адамдар жатқанда ерініп тым,
Бұл жас ханым өмірдің мәнін ұққан.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда тағы бір көкек ана сәбиін сөмкеге салып, көшеге тастап кеткен (фото)

Атырауда жоғалған жасөспірім өлі күйінде табылды

Діни басқарма: Кей азаматтардың уағызы жамағат арасында түсінбеушілік тудырып отыр

Алматы облысында ұшақ апатынан қаза тапқан дәрігер мемлекеттік марапатқа ұсынылуы мүмкін

Талқылау