Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда полицейлер мен жүргізуші арасында болған қақтығыстың себебі анықталды (видео)

Ақтауда 24 маусым күні таңғы сағат 04: 00-де 31А, 31Б, Шығыс-2 және Шығыс-3 ықшам аудандарының қиылысында полицейлер мен жүргізуші арасында болған қақтығыстың себебі анықталды. Полиция қызметкерлері өздеріне қарсылық көрсеткен азаматқа қарсы самбо әдісін қолданған.

Ақтауда полицейлер мен жүргізуші арасында болған қақтығыстың себебі анықталды

Бұл туралы Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Lada.kz-ке сілтеп.

Полиция қызметкерлері Toyota Camry маркалы көлік жүргізушісін оның темір тұлпарындағы оқылмайтын сандар үшін тоқтатқан.

“Құжаттарды тексеру кезінде Toyota Camry жүргізушісі агрессивті әрекет жасап, қызметкерлерге қарсылық көрсетті. Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, полицейлер «Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы» заңының 59, 60, 61 және 62-баптарына сәйкес қарсылық көрсеткен жүргізушіге қарсы самбо техникасын пайдаланды”,- деп атап өтті Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәлімдегендей, жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабының 1-бөлімі бойынша “Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты заңды өкіміне немесе талабына бағынбау, сол сияқты олардың заңды қызметіне кедергі келтіру” және ҚР ӘҚБК 590-бабының 1-бөлігі “Мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) оқылмайтын немесе стандарт талаптарына сәйкес келмейтін немесе белгіленген орындардан тыс жерде орнатылған, тiркелген көлiк құралын басқару” бойынша хаттама толтырылды.

 

 

Талқылау