Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда полицейлер қызметтік көліктерді өз ақшасына жуғаны үшін прокуратураға арызданды

Ақтау қаласының ІІД қызметкерлері қызметтік көліктерін өз ақшаларына жудырып келген. Лас көліктері үшін олар басшылықтан ескерту де алған екен.

1455104239

Сурет: ©Рашид Исмагилов

Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.

«Ақтау қаласының прокуратурасына Маңғыстау облысының ІІД қызметкерлеріне қатысты хабарлама келіп түскен. Онда ІІД қызметкерлерінің қызметтік көліктері үшін көлік жуу ісі қаралмағаны айтылған. Ақтау қаласының ІІБ жол полиция қызметкерлері көліктерін өз ақшасына жудырып келген», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, кір көліктері үшін полицейлер басшылық тарапынан ескерту де алған екен.

Осыған байланысты прокуратура Маңғыстау облысының ІІД қызметкерлерінің көлік жуу ісін 2016 жылдың жоспарына енгізді.

Прокуратура аталған іске қатысты мән-жайды қарастыра келе, облыстық ІІД көлік жуушы заңды ұйымдармен келісім-шарт жасайтын болды.

Талқылау