Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда пәтерден 16 жастағы жеткіншектің өлі денесі табылды

Ақтауда 16 жастағы жасөспірім өлі күйінде табылды.

Бұл туралы жедел жәрдем қызметіне хабар келіп түскен. Баланың денесі 9-ықшамауданда 30-үйден табылды, деп жазады Лада.

Жедел жәрдем қызметі шақырылған мекен-жайға 15 қазан күні түнгі сағат 22:40 шамасында келіп жетеді. Олар келгенде бала өлі күйінде болды.

Облыстық ІІД-не сауал жолданды. Оқиғаның мән-жайы әзірге толық айтылған жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау