Ақтауда орталық базар саудагерлері бас көтерді

Мыңға жуық саудагері бар орталық базардағы сауда екі сағатқа тоқтатылды. Топ болып жиналған кәсіпкерлер сауда нысаны маңындағы тар жолды кеңейтуге наразылық білдіруде. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Саудагерлердің айтуынша, құрылыс жұмыстары жүргізілсе бұл жерге тұтынушылардың кіріп-шығуы қиындап, тіпті мүлдем келмей қоюлары да мүмкін екен. Ал, оның соңы банкротқа әкеп ұрындырады дейді сатушылар.

«Таңертең келеміз, кешке кетеміз. Осымен қазан қайнатып отырмыз. Жауып тастау ақылға сыймайтын нәрсе. Қанша халық жұмыссыз қалады. Біз аренда, салығымызды уақытылы төлеп отырмыз», -дейді кәсіпкер Гаухар Матмұратова.

Кәсіпкерлер базар басшыларының тар жолды кеңейтеміз деуі құр сылтау дейді. Яғни оның астарында базарды басқа жаққа көшіру саясаты жатқанына сенімді. Осыдан екі жыл бұрын да сауда орнын көшіру әңгімесі қозғалған екен. Ал, басшылар бұл қате пікір деп отыр. Олардың айтуларынша, орталық базар маңындағы жолдың тар болуынан, ұзын-сонар кептелістен пайда болып, қатынас қиындаған. Енді осы түйткілді шешу үшін 4 жолақты жол салуды ұйғарыпты.

«Күрделі дәрежедегі жаңғырту жұмыстары жасалады.Осының негізінде сауда орына кіріп –шығу мәселелері уақытша шектелдуі мүмкін. Біз қоғамдық кеңес, және Ақтау қалалық мәслихаты осы мәселе бойынша халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз», дейді Ақтау қалалық мәслихатының хатшысы Марат Молдағұлов.

Жол салу үшін жергілікті қазынадан қаржы бөлініп, мердігер анықталып қойған. Енді ақпан айының бірінде құрылыс жұмысы басталып, жыл соңында аяқталуы мүмкін. Жұрт жөндеу жұмысының 9 айға созылуына да наразы.

Тағы оқыңыз:

Алматы облысында бір айдан бері көмір отыны тапшы

Қарағанды облысында сары аурудың белең алу себебі анықталды

Қазақстанда биыл жанармай тапшылығы болмайды

Енді теміржол билеттерін жеңілдікпен сатып алуға болады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар