Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда өлген иттердің кесірінен үлкен дау туып жатыр

Ақтаулық полицейлер зейнеткер пәтеріндегі итті атуға қатысты мәлімдеме жасады. Ішкі істер басқармасы өкілдерінің айтуынша, олар жануарларды үй ішінде атпаған,-деп хабарлады КТК арнасы.

итатты

Төбеттерді улап, сосын шу шығармастан арнайы орынға апарып тастадық деп ақталды. Погондылардың мұндай әрекетіне көрші үйдегі иттердің тұрғындардың мазасын алуы себеп болған.

Алайда мақұлықтарын жоқтап жүрген 80 жастағы зейнеткерге болысқан еріктілер тобы енді полицейлер мен ит ататындар заң алдында жауап берсін деп талап етіп отыр.

Есік артынан үріп тұрған зейнеткер Валентина Михельсонның итері бірнеше минуттан кейін мүлдем үні өшкен. Ақтаулық полицейлермен бірге келген ветеринарлар мен ит ататындар, төбеттерді пәтердің ішінде-ақ қырып салыпты.

Қырылып жатқан иттерін жоқтап тұрған зейнеткердің өзін учаскелік полицей психиатриялық ауруханаға алып кеткен. Көршілері аталмыш оқиғадан шошынып қалдық дейді.

«Менің ұлым бәрін көріп тұрған. Ит ататындар төбеттерді терезеден-ақ қырып салған. Байғұс иттер қиналып өліпті. Бұл деген сұмдық қой»,-дейді  Ақтау қаласының тұрғыны  Валентина Андреева

Ал, зейнеткердің өзі болса полицейлер итті сылтау етіп, қала орталығындағы пәтерімді тартып алмақшы деген уәж айтады.

«Ештеңе деп түсіндірген де жоқ. Полицей келіп, қолымды қайырып, мен бір қылмыс жасағандай әрекет етті. Не үшін мені жындыханаға жіберді. Полицияның бірі менің пәтерімді алғысы келетінін айтқанын анық құлағым шалды. 80-ге жетті, енді көп жүрмейді деп ойлаған шығар»,-дейді зейнеткер  Валентина Михельсон.

Ал, полицейлер бәріне кемпірдің өзі кінәлі деп отыр. Заң бойынша бір пәтерде екі итен аспау керек екен. Ал, зейнеткер баспанасында 7 төбет асыраған. Иттердің шәуіліне көршілері сан мәрте арыз түсіріп, полицейлерден ескерту жасалса да кейуана селт етпеді дейді.

«Азаматшаның қоршауын оның ішіндегі иттерді ату несі бойынша ешқандай дерек анықталған жоқ. Тек, бұл жерде арнайы коммуналдық қызметтер бар. Яғни, ветеринария бөлімі бар. Қалалық әкімдікке қарасты. Сол мекеме сол қызмет бөлімдері олар өздерінің міндеттерін орындап өтті»,-дейді  Ақтау қалалық ІІБ бөлім бастығы Аманилла Әбдуатов.

Зейнеткер мен көршілердің дауы қазір тұрғындарды екіге жарған. Кейуананы жақтаған ит асыраушылар, тиісті орынның бәріне шағым жазамыз десе, төбеттерден зәрезап болған көршілерді, қолдағандар полицейлерге алғыс айтып жатыр. Сондықтан ит дауының нүктесі қашан қойылары әзір белгісіз.

Оқи отырыңыз:

Жол апаты салдарынан екі аяғынан айырылған қыз қазақстандықтарға үндеу жолдады

Әнші Нұрлан Еспановтың жары рак ауруын жеңді

Вирусты инфекция жұқтырып алған Ахмадиеваның түр-келбеті тыңдармандарын шошытты

Полиция капитаны жолда келіншекті босандырып, кіндігін кескен

 

Талқылау