Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Атырауда махаббат кешін ұйымдастырған қыз бен жігіт құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болған

Атыраулық жас жұп полицияға хабарласып, қолдарындағы кісенді шешіп беруді өтінген.

0_15cdb6_dcc0a862_orig

Бұл туралы Kazpravda.kz хабарлады.

Құтқарушылардың айтуынша, рөл-рөлге бөлініп алып, өз махаббаттарын паш етпек болған екі жас, қолдарындағы өздері таққан кісенді шеше алмай әуре болған.

“Жігіт қызбен кісен салып ойнап, оны тарс еткізіп бекітіп алған. Сосын өздігінен қайтып аша алмаған. Кісеннің қатты жабылғаны сонша қолдың буынына да батып кеткен”, – деп хабарлады Батыс аймақтық аэромобильдік жедел құтқару отрядының жетекшісі Дархан Қосанов.

Жас жұп әуелі полицияға хабарласқанымен, олардың шаруасын шешуге құтқарушылар да араласқан. Кісенді кесіп ғана, екі жастың мәселесін шешіп берген.

Талқылау