Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда көшеде түкірген екі азамат 5 күнге қамалды

Ақтауда екі азамат қоғамдық орында түкіргені үшін 5 тәулікке қамалды. Бүгін қалалық әкімшілік сот оларға осындай жаза кесті.

күдікті

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын қаладағы “Мәңгілік алау” монументі жанында жүрген Мұрат Мұхамединов пен Артур Болатұлы қоғамдық тәртіпті сақтамаған. Олардың тыйым салынған аумақта түкіргендері көпшілікке ұнамаған.

Сөйтіп, куәгерлер бірден ерсі әрекеттерін ұялы телефондарына түсіріп, ғаламторға салып жіберген. Кейін полицейлер осы екі азаматты күдікті ретінде қолға түсіріп, әкімшілік құқық бұзушылық бабы бойынша іс қозғайды. Жалпы бір айдың ішінде өңірде ұсақ бұзақылық жасағандардың саны бес мыңға жеткен.

«Кінәліміз. Енді олай істемейміз»,-дейді жауап берушілердің бірі.

Талқылау