Ақтауда қонақ үй директорын аулада атып кеткен

Сейсенбі, 5 Сәуір , 2016 16:32

Ақтаудағы  адам өлімі оқиғасы бойынша тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қайтыс болған азаматтың әріптестері оның қаладағы қонақ үйлердің бірінде директор қызметін атқарғаны жайлы айтқан. Ал пышақ жарақатын алған азаматқа жедел түрде ота жасалынған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД қызметкері хабарлаған.

ладаааа

Бұл туралы Лада басылымы жазған.

ІІД қызметкері тапанша оғы жарақатынан қайтыс болған жігіттің Ақтау тұрғыны екені расталғанын айтады.

Ал қалған мәліметтер тергеу амалдарының тәртібіне сай жарияланбайтыны айтылған.

Пышақ жарақатын алған екінші жігітті 31-ші үй тұрғындары тауып алған. Дереу дәрігер шақыртқан тұрғындар оның тірі қалуына көмектескен. Ол Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген. Тез арада кардиохирургия бөліміне ауыстырылып, оған жедел ота жасалынған.

Қазір ол есін жиған. Болған жайт бойынша полиция қызметкерлеріне айтып берген.

Облыстық ІІД қызметкерлерінің айтуынша екі оқиғаның бір-біріне мүлдем қатысы болмай шыққан.

Есте болса, 4 сәуір күні 30-шы үйдің ауласында қансыраған азамат есін білмей жатқан. Оқиға орнына дереу жеткен дәрігерлер азаматтың жантәсілім еткенін айтқан.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар