Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда көлікті куәліксіз және мас күйінде жүргізген әйелге айып салынды

Түнде жол полициясы жол үстінде шайқақтап келе жатқан «Mercedes-Benz S500» автокөлігін тоқтатты. Оған мүлде “А” деңгейіндегі куәлік берілмегені анық болды.

 

Бұл туралы STAN.KZ  Тумба.кз-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру барысында әйел адам ешқандай куәліксіз және ішімдік қолданған күйде көлік жүргізгені анықталды. Оған мүлде “А” деңгейіндегі куәлік берілмегені анық болды.

Бастапқыда оған әкімшілік қамақ пен 200 АЕК бойынша 396 400 теңге көлемінде айып жазылған. Алайда, сотта әйелдің 5 жасар баласы бары ескеріліп, әкімшілік қамақтан босатылды. Және айып құны да 30 пайызға жеңілдетілді. Әйел сот ісінде кінәлі деп танылып, 277 480 теңге көлемінде айып тағылды.

Талқылау