Ақтауда көлік апатынан 14 жастағы спортшы қаза тапты

Сәрсенбі, 24 Тамыз , 2016 17:59

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жол-көлік оқиғасына түскен 14 жастағы жас спортшы тіл тартпастан көз жұмды.

kapelnisy-ot-pohmeliya

Фото: patronage.su

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жасөспірімде ашық бассүйек жарақаты мен мидың қабынуы тіркелген болатын. Оған қатысты болжамдарды дәрігерлер бермей келген болатын. Себебі оған ота жасауға болмайды.

“Спортшы таңертең көз жұмғаны рас. Біз оның өміріне қатты алаңдадық, өзге дәрігерлер шақыртылды, олар жергілікті мамандармен бірге оның өміріне араша түсуге тырысты. Біз жасөспірімнің отбасысына көңіл айтамыз”, – деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева.

Еске сала кетейік, 19 тамызда шамамен 11:30-да Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен тасжолында Lada Largus пен Toyota Fortuner көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы кезінде бірнеше адам зардап шекті. 4 бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Үшеуі жансақтау бөліміне түссе, бір бала жеңіл жарақат алды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар