Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда қоқыс үйіндісінен жаңа туған сәбидің денесі табылды

Ақтауда қоқыс үйіндісіндегі қалдықтарды сұрыптау кезінде жаңа туған сәбидің денесі табылды. Қазіргі уақытта полицейлер сәбидің анасын іздестіріп жатыр.

Ақтауда қоқыс үйіндісінен жаңа туған сәбидің денесі табылды

Бұл туралы lada.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қоқыс әкетуші көліктің жүргізушісі тұрмыстық қалдықтарды Ақтаудың 11, 13, 16 және 17-ықшам аудандарынан жинаған. Мұнан кейін арнайы көлік қоқыс үйіндісіне қарай бағыт алыпты.

«Менің қоқыс әкетуші көліктің жүргізушісі болып жұмыс істеп жүргеніме 12 жыл болды. Мұндай жайт алғаш рет болып отыр. Сәбиді өз көзіммен көргенім жоқ. Біраздан кейін маған көлікте қалдықтармен бірге жаңа туған сәби болғанын айтты. Оны қалдықтарды сұрыптау кезінде тапқан. Шок болдым», – дейді жүргізуші Бердәулет Кемалов.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің біріңғай реестріне «Кісі өлтіру» бабы бойынша тіркелді. Полицейлер сәбидің анасын іздестіріп жатыр. Анасының тұлғасы анықталып, сараптама нәтижесі шыққаннан кейін, қылмыстық істің нақты қай бап бойынша қозғалатыны белгілі болады», – дейді Маңыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау