Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда қайтыс болған 3 жасар бала 5 ай бұрын сатып алынған шұжықты жеген

Ақтауда 3 жасар баланың өліміне шұжықтың себеп болған-болмағаны анықталып жатыр. Бұған дейін бір отбасындағы екі ересек адам мен үш баланың инфекциялық ауруханаға жеткізілгені белгілі болған еді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Ақтауда қайтыс болған 3 жасар бала 5 ай бұрын сатып алынған шұжықты жеген

Ақтауда 3 жасар бүлдіршін жедел жәрдем жеткенше қайтыс болып кетті. Болжам бойынша, оның өліміне шұжықтан уланғаны себеп болыпты.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Азамат Сәрсенбаевтың мәліметінше, қазіргі уақытта науқастардың бәрі дәрігерлердің бақылауында. Жағдайлары тұрақты деп бағаланып отыр. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Анықталғандай, отбасы кешкі асқа дайындаған шұжық маусым айында сатып алынып, 5 ай бойы тоңазытқышта жатқан екен. 5 баланың анасы шұжықты көршісінен алған. Алайда көршісі өнімнің жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін ескертіпті. Сол күні шұжықты тек үлкен қызы жемепті. Ол отбасындағы уланып қалмаған жалғыз адам.

Санитарлық дәрігерлер шұжықтың, сонымен қатар су, құрғақ сүт пен макаронның үлгісін алған. Талдау мен зерттеу нәтижесі бірнеше күннен кейін белгілі болады.

Маңғыстау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысының орынбасары Әсима Тұрдиеваның сөзінше, шұжықтың маркасы анықталмағандықтан, дүкендер тексерілмейді. Сонымен қатар шұжықтың қай дүкеннен сатып алынғаны да белгісіз.

«Шұжық біраз уақыт бұрын сатып алынып, 5 ай бойы сақталғандықтан, нақты бір сауда нысандарын тексеруге еш негіз жоқ», – дейді Тұрдиева.

Еске сала кетсек, 12 қарашада Ақтауда  з жасар бала шұжықтан уланып қайтыс болған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау