Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда кәріз құдығынан шарана табылды: Полиция түсініктеме берді

Бірер күн бұрын Ақтауда кәріз құдығынан шарана табылған еді. Маңғыстау облыстық полиция департаменінің мәліметінше, ол шамамен 3-4 айлық болған.

Ақтауда кәріз құдығынан шарана табылды: Полиция түсініктеме берді

Бұл туралы «ИнАктау» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Шарана 10 ақпанда кешкі сағат 18:40 шамасында 1-ықшамауданның сорғы стансасының кәрізінен табылған. Полицейлердің сөзінше, нәрестенің анасының тұлғасын анықтау мүмкін болмай отыр. Себебі кәріз құдығына бүкіл қаладағы арық сулары құйылады.

«Аталған факт бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Ол ҚР ҚК 100-бабы (Анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай тізімдемесіне тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді полиция департаментіндегілер.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтауда кәріз құбырынан шарана табылғанын хабарлаған едік.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау