Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда қала әкімінің орынбасары ұсталды

Ақтауда қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Юрий Дирр ұсталды. Тексеру барысында ревизиялық комиссияның төрағасы М. Нысамбаев пен комиссия мүшесі А. Аменов еш себепсіз мемлекет қаражатын пайдаланғаны және оны жасырғаны белгілі болды.

14472310551447231055

Сурет lada.kz сайтынан алынды

Тексеру барысында ревизиялық комиссияның төрағасы М. Нысамбаев пен ревизиялық комиссияның мүшесі А. Аменов еш себепсіз мемлекет қаражатын пайдаланғаны және оны жасырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, «Абай атындағы мәдениет үйінің» қаржылық-шаруашылық жұмысын тексеру барысында, 2014-2015 жылдары болған заң бұзушылықтарға қатысты жауапқа тартылмас үшін Юрий Диррді 2 миллион теңге көлемінде пара беруге мәжбүрлеген.

Қазіргі уақытта аталған қызметкерлер ұсталып, Ақтау ІІБ түрмесіне тоғытылды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Юрий Дирр Ақтау қаласы әкімінің орынбасары болып 1 қазанда тағайындалған болатын. Оған дейін 18 жыл бойы Абай атындағы мәдени кешеннің басшысы қызметін атқарған.

Ол қаладағы білім беру, мәдени-әлеуметтік даму істеріне ат салысты.

Талқылау