Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда іріңді менингитке шалдыққан сарбаз қайтыс болды

Ақтауда іріңді менингитке шалдыққан сарбаз 14 қазан күні таңертең қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Азамат Сәрсенбаев хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Лада-ға сілтеме жасап.

Ақтауда іріңді менингитке шалдыққан сарбаз қайтыс болды

Іріңді менингитке шалдыққан сарбазды тәжірибелі дәрігерлер емдегенімен, бірақ науқастың өмірін құтқара алмады.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сарбаз таңғы 9: 33-те қайтыс болды.

Ол 30 қыркүйекте Маңғыстау облыстық ауруханасына іріңді менингоэнцефалит диагнозымен ауруханаға жеткізілген болатын.

Сол кезде іріңді менингитке шалдыққан сарбаз қызмет ететін 6656 әскери бөлімінде карантин жарияланды. Сонымен қатар, науқастың жанында жүрген алты сарбаз да ауруханаға жатқызылып, бірақ кейінірек әскери бөлімшеге жіберілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау