Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда ер адам көшеде қысқа көйлекпен жүрді (видео)

Ақтауда ер адам әйелдің көйлегін киіп, көшеде жүр. Бұған куә болған тұрғындар таңғалысты. 

Видеодан скриншот

Куәгерлердің айтуынша, видео 13 мамыр күні түсірілген. Жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан қыздың көйлегін киген жас жігіт жүріп өтті, деп жазады ИнАктау-ға сілтеп Stan.kz хабарлайды.

Куәгерлер жігітті көп ұзамай тәртіп сақшылары ұстап әкетті деп сендірді. 

Ролик кейіпкері былтырғы жылы тамыз айында да ашық сары түсті купальник киіп қаланы аралаған еді. Ол кезде де тұрғындар жігіттің осылай бірнеше рет көзге түскенін айтқан болатын. 

"Мүмкін бұл ауру адам шығар, қалада мұндайлар көп", "Мүмкін әлдекіммен осылай жүруге бәстескен шығар", - деді желі қолданушылары.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр