Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда ер адам 5 жасар қызды алдап сырғасын шешіп алып кеткен

Ақтауда ер адам есік алдында ойнап жүрген бес жасар қызды алдандырып өзімен бірге ертіп кеткен. Қызды дүкенге алып барып, тәтті сусын мен қытырлақ та алып беріпті.

y_ezWYzBqUU

Дүкеннің тәттісін алып беріп алдаған ер адам, қыздың құлағындағы сырғаны шешіп алып кетіпті. Бұл туралы Жадыра Темірғали есімді Фейсбук қолданушысы өз парақшасында жазды. Ол кішкентай қыздың үйімен көрші тұратынын айтқан.

“Алданған қыз үйіне келіп айтады ғой мән жайды… Сақ болайық, көлеңкемізден қорқатын болдық, қызға тимей сырғасын алғанына мәз болдық біз көршілер”, – дейді ол.

Талқылау