Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда еліміздегі алғашқы ересектерге арналған балабақша ашылды

Ақтауда ерекше балабақша ашылды. Оған әдеттегідей кішкентай балалар мен қыздар емес, салмақты үлкен адамдар бармақ.

tttt

Бұл туралы “Мой Город” порталы хабарлайды.

Балабақшаны ашқан Ирина Хохлованың сөзінше, орталыққа ішіндегі энергиясын шығарып, жұмыстан бір уақыт демалып, тұрмыстық проблемадан шаршаған адамдар келмек.

“Бала кезінде әр адам бақытты. Біздің балабақша адамдарға балалық сезім сыйлап, кеуделерін балаң эмоцияға толтырып, жаңа күш пен энергия сыйлайды. Бұл ересектерге арналып ашылып отырған Қазақстандағы алғашқы балабақша. Мұндай орталықтар Ресей мен АҚШ-та бар. Онда ақымақ адамдар емес, банкирлер, бизнесмендер барып жатады. Бізге келушілерде бойларындағы күйзелістен ажырайды деп үміттенеміз”, – дейді ол.

Келушілер кәдімгі балабақшаның графигі бойынша уақыт өткізеді. Олар таңғы ас, түскі аспен уақытылы тамақтанады. Сондай-ақ, әртүрлі үйірмелердің көмегін тұтынып, кәсіби тәрбиешілерден тәлім алады.

“Балабақшада жасқа шектеу қойылмайды. Кез-келген адам келе алады. Әзірге тек демалыс күндері жұмыс істейді, ал кейін сұраныс артса онда күн сайын есігіміз ашық болмақ”, – дейді Ирина Хохлова.

Директордың сөзінше, қазірдің өзінде 20-ға жуық адам жазылып қойған.

Талқылау