Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда екі Филиппин азаматын тонап кетті

23 қаңтар күні кешкілік екі бірдей филиппиндік азаматты тонап кеткен. Күдіктілер көп ұзамай-ақ ұсталып, қылмыстық іс қозғалған. a9d706b8873aa94e6ea642fafa39ef07d898f9ef

Бұл туралы Ақтау жаңалықтары хабарлайды.

23 қаңтар күні кешкілік екі бірдей филиппиндік азаматты тонап кеткен. Қылмыскерлер көп ұзамай-ақ ұсталып, қылмыстық іс қозғалған.

Ақтауға жұмыс сапарымен келген екі шетелдікті 11 ықшам ауданда ашықтан-ашық тонап, 20 000 тенге ақшалары мен Samsung Galaxy G7 ұялы телефондарын қолды қылған. Бұл туралы ақпарат 102 жедел қоңырауы арқылы 23 қаңтар күні кешкі 18:20 да түскен.

Ақтау ІІД басшысының орынбасары Жәнібек Сәрсембаевтың айтуынша, филиппиндіктер жұмыстан қызметтік автобуспен келген. Аялдамадан шығып, Қашаған ескерткішінің қасынан 11 ықшам ауданға қарай бағыт алады. Сол мезетте оларға екі адам келіп, өздерін полициямын деп таныстырған.

Екі шетелдік не қазақша, не орысша білмейді екен. Ал екі жас жігіт оларға ағылшынша сөйлеген. Сол себепті де филиппиндіктер оларға сеніп арттарынан ілескен. Шетелдіктерді 8«А» нөмірлі үйдің екінші қабатына кіргізіп, күш көрсете бастаған. Бір Филиппин азаматтынан алтын сақинасын да тартып алмақшы болғанымен, олар қашып үлгерген.

Істі қарау нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар азаматтар ұсталды. Олар Ақтау қаласының 1986 және 1987 жылы туылған тұрғындары болып шыққан. ҚР ҚК 191 бабы 2 тармағы бойынша оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бейнебақылау камерасына тонаушылардың үйден шыққаны түсіп қалған. 

Талқылау