Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда дәретхана қағазы мен майлық тиеген жүк көлігі аударылып қалды

Ақтауда дәретхана қағазы мен майлық тиеген жүк көлігі апатқа ұшырады. Көлік жүргізушісін оқиға куәгерлері көлік салонынан әрең шығарып алған деп хабарлады КТК телеарнасы.

ысыс

Жиналған жұрт алдымен апатты асықпай бейнежазбаға түсіріп, сосын барып төңкерілген көліктен жүргізушісін шығара бастаған. Апат кезінде есінен танып қалғанымен, ол дін аман. Жүк көлігін тізгіндеген жүргізуші Түркия азаматы екен. Мас күйінде көлік айдаған 48 жастағы жігіт ағасы тізгінге ие бола алмай қалса керек. Енді жол апатын жасағаны үшін айыппұл төлеуі тиіс. Ал жүргізуші куәлігінен айыру мәселесі сотта қаралады.

Талқылау