Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда бұрынғы КВН ойыншысын өлтірген күдіктілер ұсталды

Ақтауда бұрынғы КВН ойыншысы Данияр Әлібаевты пышақтап өлтірген үш күдікті де қамауға алынды.

Ақтауда бұрынғы КВН ойыншысын өлтірген күдіктілер ұсталды

Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі lada.kz-ке сілтеп.

«Бұл іске қатысты “кісі өлтіру” бабы бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде. Күдіктілер ұсталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Үш күдікті де Ақтау қаласының тұрғындары», – деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 21 шілдеде болды. Аяғынан пышақ жарақатын алған Данияр Әлімбаев ауруханада көз жұмды. Данияр Әлімбаев Ақтөбе қаласының КВН құрамасында ойнаған. Сочиде өткен КВН фестиваліне де қатысқан. Денис Тен секілді пышақ жарақатын алып, кісі қолынан көз жұмған Әлімбаевтың артында әйелі және төрт баласы қалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау