Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда бойы Барби қуыршағының көлеміндей ғана сәби өмірге келді

Ақтауда салмағы 665 грамм, ал бойы 28 сантиметр болатын қыз бала өмірге келді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170523154001

2008 жылдан бастап Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысына сәйкес салмағы 500 граммнан асатын сәбилерді аман алып қалу үшін күресетін болды. ДДСҰ талабы енгізілгенше елімізде одан төмен салмақтағы нәрестелердің тірі қалу мүмкінігі 0 пайызды көрсеткен. Ал енді бұл көрсеткіш 50 пайызға жетіп отыр.

“Облыстық перинаталдық орталықтың неонатологтары салмағы мың граммға жетпейтіндерге күтім көрсетеді”, – деді Маңғыстау облыстық перзентханасының жансақтау және интенсивті терапия бөлімінің меңгерушісі Әлия Тасырова.

“Қазіргі таңда 665 грамм болып туған қыздың салмағы 1 келі 94 граммға жетті. Бәрі жақсы болып, сәби анасымен бірге жақын арада шығарылады деп ойлаймын”, – дейді дәрігер-реаниматолог Римма Рахмет.

37 жастағы Айжан Саденова болса күптен күткен сәбиінің жағдайына алаңдаулы. Бірақ, ол өзіне қарағанда дәрігерлер күн-түн демей нәрестенің жағдайын жасап жатыр дейді.

Оқи отырыңыз:

Бүйректің қызметін бұзып зиянын тигізетін 8 дәрі

Дәрігерлер жылытуға болмайтын тағамдар тізімін жариялады

Ашқарынға қандай асты жеуге болмайтынын біле жүріңіз

Қазақстанда қымбат дәрілерді алғызуға тырысқан дәрігерлер жауапқа тартылатын болады

Талқылау