Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда белгісіз біреу ұшқышты жанарынан айырды

Ақтауда ішке кіріп бара жатқан ұшқышты белгісіз біреу аса қатты толқынды лазер сәулесімен жарақаттады. Лазер әуежайдан аса алыс емес жерге орнатылған.

имс

Сурет tvc.ru

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Әзірге қауіпті әрекетке барған адам табылмады. Оқиға жайлы терминал жетекшісі айтып отыр. Оған Air Astana компаниясының ұшқышы шағым білдірген. Бұл тентектік әрекеттің соңы трагедияға әкеп соқтыруы да мүмкін.

Бұл Ақтау әуежайындағы алғашқы осындай жағдай емес. Былтырғы жылы да дәл осындай оқиға орын алып, тәртіп сақшылары күдіктіні таппаған болатын.

“Қонып немесе ұшқалы жатқан ұшақ ұшқыштарының көз жанарына сәуле түсіру арқылы, әлбетте олардың әрекетіне кедергі келтіреді. Облыс тұрғындарынан балаларына 500-1000 мвт аралығынан асатын лазер құрылғыларын сатып алмауын сұраймыз”, – дейді “Халықаралық Ақтау әуежайы” АҚ атқарушы директоры Ерғазы Жолдасов.

Талқылау