Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтаулық ана 7 баланы жалдамалы пәтерде тәрбиелеп отыр

Атырау облысы Ганюшкин ауданының тумасы Людмила Смагулова 7 баланың анасы. Ол бала кезінен жеке үй дегеннің не екенін білмей келеді.

505064032

Бұл туралы tumba.kz хабарлайды.

Оның сөзінше, 5 жасынан бастап әкесін көрмеген. Мектепті бітірген соң Атырау қаласына барып, медициналық колледжге оқуға түсіпті. Анасы қайтыс болған соң ауылына да оралмаған. Тек әкесінің украин ұлтынан екенін және анасыынң айтуы бойыншы Украинаға кетіп қалғанын ғана біледі. Ал өзі Атырауда сүйіктісін жолықтырып, тұрмысқа щыққан.

Алайда отбасылық өмірі өзі ойлағандай өрбімейді. Колледжді бітіргеннен кейін де өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды.

“Күйеуім жұмыс істемейтін, сол кезде алғашқы сәбиіміз дүниеге келді. Қайыненемнің өз бизнесі болып, ол сол кәсіппен жүрді. Оған көмек керек болды, ал ол ұлынан ештеңе күткен жоқ. Дәрігердің айлығы ештеңеге жетпейтіндіктен, мен енемнің қасына сатушы болып тұрдым”, – дейді ол.

Балалар өмірге келгенімен, күйеуі тек арақ ішіп, жұмыс істемей жата береді. Бұл жағдай ұрыс пен жанжалға ұласып, ақыры 2008 жылы ажырасып тынған. Кейін Ақтауға көшіп кетіп, онда Людмилаға кіші інісі көмектеседі.

“Біз бірге пәтер жалдап тұрдық. Жұмысқа орналастым. Азаннан кешке дейін жұмыс істейтінмін, алайда кіші інім үйленіп, маған үйді босатуға тура келді”, – деді Людмила.

Осыдан соң ол басқа бір ер адамның жанашырлық қолдауын сезініп, ақыры онымен азаматтық некеге де тұрады. Одан төрт балалы болған. Бірақ, ол да отбасыны тастап жөніне кетіпті. Қазіргі таңда әйел жетінші баласына екіқабат. Ол өз балаларын қатты жақсы көреді. Ешқашан отбасының баламен толыққанына реніш те білдірмеген. Тек, ең бастысы баспанамыз болса екен деп армандайды.

Көпбалалы ана қазір барлық баласын асырап, баспанасыз күй кешіп жатыр. Бірінші күйеуі де алимент төлемейді екен. Тек қайыненесі ғана көмек қолын созып, жәрдем беріп тұрған. Ал екінші күйеуі болса анда-санда ғана балаларға киім алып береді екен. Дегенмен, одан да соншалықты үміт күтпейді.

Соңғы жылдары “Мы люди-мы вместе” қоры Людмиланы қолдап келеді. Қор ай сайын әйелге азық-түлік, басқа да керек-жарақтарын алып береді. Ал әйелдің өзі болса сауда агенті болып жұмыс істеп, айына 70 мың теңге жалақы алады. Сондай-ақ, балаларға берілетін 8800 теңге жәрдемақы бар. Бұл ақшаның 35 мыңы баспананың жалға алу ақысына кетеді. Ал балалардың тұрғылықты мекен-жайына қатысты айына 10 000 теңге төлеуге мәжбүр. Қазір оларға киім алудың өзі арман.

Талқылау