Ақтауда баланы қаққан полицей жүргізуші куәлігінен айырылды

Жұма, 26 Ақпан , 2016 19:48

Ақтауда 2015 жылдың 15 желтоқсанында баланы қағып кеткен полицей бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Сондай-ақ, оған 15 АЕК көлемінде 29 730 теңге айыппұл төлеу міндеттелді.

120F9541-AEED-47E4-8723-4B8DC3E8CBFE_cx8_cy8_cw92_mw1024_s_n_r1

Бұл туралы Лада.kz хабарлайды.

Бұл жайында Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік соттың баспасөз қызметі мәлімдеген.

Сот төрешісінің Гаухар Метерқұлованың айтуынша, сот отырысында дәлелденгендей, «LADA 21703» көлігімен 2003 жылғы жеткіншекті қаққан 1992 жылғы полицей 1 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Полицейдің өзі сот отырысы кезінде кінәсін мойындады. Ол уақытта қызметтік көлікпен жүргенін айтты. Оның айтуынша, бағдаршамның жасыл түсі жанып-өшіп болғанша жаяу жүргінші жолағына екі бала шыға келген. Олар жасыл түс өшіп болғанша, жолдан өтіп үлгереміз деп ойлаған. Сол сәтте екі баланың бірі қашып үлгеріп, екіншісі полицейдің машинасына соғылған. Полицей баланы ауруханаға жеткізген.

Жәбірленушінің тараптың айтуынша, сол күні бала досымен бірге туыстарының үйінен кіші інісін алып кетпек болған.  Бағдаршамның жасыл түсі өшіп болғанша үлгерем деп ойлап, тезірек жүргірмекке талпынған. Бала көлікке қағылған кезін және одан кейін не болғанын білмейді.

Қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың ұйғарымымен «LADA 21703» көлігін жүргізушіе 15 АЕК көлемінде 29730 теңге айыппұл төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ, жүргізуші 1 жылға көлік жүргізу куәлігінен айырылды. Шешім 2016 жылдың 1 наурызынан бастап заңды күшіне енеді.

Кінәлі полицей бұл шешімге қайта шағымданбайды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар