Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда әйел адам айтқан жеріне жеткізбеген таксисті ұрып тастаған

Ақтауда 34 жастағы 2-ықшамауданының тұрғыны такси тұрағында таныс адамын көріп, үйіне жеткізіп салуын сұрайды. Бірақ, таксист оған келіспейді.  Әйел жанжал шығарып, жүргізушінің киімін жыртып тастаған.

29012015_16-54-00

Бұл туралы STAN.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға осыдан бірнеше күн бұрын облыс орталығының 7-ықшам ауданында болған.
Полицейлердің айтуынша, әйел жүргізушіге жұдырық ала жүгірген. Жүргізушіге күш көрсетіп, киімін жыртып тастаған.

51 жастағы Мұнайлы ауданының тұрғыны Ақтау ІІБ-на арыз жазған. Жүргізушінің әйелді үйіне не себепті апармағаны әзірге белгісіз. Қазір сотқа дейінгі зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ал, Мұнайлы ауданында ер адам сатушы әйелді соққыға жыққан. Оқиға Қызылтөбе-2 ауылында болған. 50 жастағы Ақтау тұрғыны сауда жасап тұрған дүкенге мас күйінде ер адам кіріп келген. Ол балағат сөздер айтып, өзін ұстай алмағаны үшін сатушы оған ескерту жасаған. Ашуға булыққан азамат сатушыны ұрып-соғып, өзі оқиға орнынан қашып кеткен.
Қазір күдікті ретінде 32 жастағы Маңғыстау-5 ауылының тұрғыны ұсталды.

Талқылау