Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда атылып өлді делінген әкімдік күзетшісінің туыстары полицияның өтірігін әшкереледі

Ақтауда күйзелістен жұмыс орнында атылып өлді делінген қалалық әкімдік күзетшісінің туыстары шу шығарды. Тіпті оны обыр дертіне шалдыққан екен деп полицейлердің таратқан ақпараты да жалған дейді.

Безымянный

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Марқұмның ет жақындары полиция лейтейнанты әкімдікте сыбайлас жемқорлықтың куәсі болған соң қасақана өлтірілді деп санайды.

Олардың пікірінше, 32 жастағы келіншектің өз-өзіне қол жұмсауына ешқандай негіз жоқ.

Бұл Қарлыға Жаңабергенованың мектепті бітіргеніне 15 жыл толуына орай өткен кездесуде сөйлеген сөзі. Алайда ендігі мерейтойда сыныптастарымен бас қосуды жазбапты. Күйеуі мен ұлының ортасында бақытты күн кешіп жатқан келіншек қайтыс болардан бұрын 33-ші туған күніне дайындалған екен.

Қарлығаның күзет басқармасында жұмыс істеп жүргеніне 11 жыл болыпты. Желтоқсанның 19-нан 20-сына қараған түні Ақтау қаласы әкімдігіне кезекшілікке түскен келіншектің мәйітін әріптестері әжетханадан тапқан болатын. Тергеушілер оның өз-өзіне қол жұмсауына обыр дертіне шалдығуы себеп болуы мүмкін деген еді сол кезде.

“Ешқандай ауруы жоқ. Дені сау. Өз жұмысын сүйіп жасайтын қыз қыршын қиылып кетіп отыр. Үлкен коррупция болған қалалық әкімдікте. Соны бұл қыз көреді, біледі. Олар қызымның көзін жоқ қылып, мылтығын қолына ұстатып кеткен”, – дейді марқұмның анасы Мариза Құрақова.

Туыстарының бұлай күмәндануына оқиға болған кезде әкімдіктегі бақылау камераларының түгел өшіп қалуы себеп екен. Туыстарының күдігін тергеушілердің қауіпті кесел туралы жауабы да арттырып отыр. Өйткені онкологиялық орталық Қарлығаның тіркеуде жоқ екенін растайтын анықтама берген. Соған қарамастан полиция оның науқас екенін тағы бір растады.

“Мұқанова Демина деген азамат бірге жұмыс істеді, әкімдіктің диспетчері болып. Екеуі бірге отырады, шай ішеді, әңгімелерін айтады, сол кісіге айтыпты өзінің ауыратынын”, -дейді Маңғыстау облыстық ІІД бастығының орынбасары Алдирза Қуанышкереев.

Мұқанованың өзі көп ұзамай жұмыстан кеткен. Ал, әкімдіктің бақылау камераларында қайғылы оқиғаға дейін ақау болды дейді полицейлер.

Қазір аталған іс бойынша өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу бабы тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер де жоқ емес. Енді оқиғаның мән-жайы сараптаманың қортындысы бойынша анықталмақ. Ол екі айдан кейін ғана дайын болады.

Талқылау