Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда арзан майды алуға таласқан көпшілік супермаркет ішінде жаппай төбелесті (видео)

Ақтаудағы сауда үйлерінің бірінде күнбағыс майына таласқан көпшілік бір-бірімен төбелесіп қала жаздады.

1497509932

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

14 маусым күні супермаркет әкімшілігі күнбағыс майын төмендетілген литріне 145 теңгеден сататындарын мәлімдейді. Дүкен басшылығының мәліметінше акцияның мақсаты – зейнеткерлер мен аз қамтылған адамдардың маңызды қажеттілікке оңай қол жеткізу үшін екен. Алайда әлеуметтік бастаманың соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқан.

“Біз акцияны жариялаған кезде, тауар саны шектеулі болғандықтан бір қолдан үш бөтелке майдан сатылады деп түсіндірілді. Бұл бір жағынан алып-сатарлықтан қашу үшін де жасалды. Біздің басты мақсатымыз жағдайы төмен адамдар қол жеткізсе дедік. Бірақ, адамдар түсінбей, әрқайсысы жәшік-жәшік алу үшін таласты. Істің соңы төбелеске дейін барып, адамдардың бірінің қолындағы майды бірі тартып ала бастады. Біздің адамдар мұндай мәндегі акцияларға әлі дайын емес секілді. Мұндай кезде өздерін қалай ұстауды білмейді”, – дейді супермаркет басшылығы.

Оқи отырыңыз:

Қызылордада “әруақтар паналаған” үйден өрт шықты (фото)

Келін сырқаттанған енесіне күтім жасаудан шаршағанын айтып жылады

Келіншек күйеуінің есірткіге әуестігінен қорқып жүргенін айтып жылады

19 жастағы қыз өзін төсек қатынасына көндіретін жігітінен әбден мезі болғанын айтты

Талқылау