Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда анасы 9 жасар баласын өз қолымен өлтірді

Ақтауда анасы 9 жасар баласын буындырып өлтірген. Қайтыс болған бала №7 мектептің 3-сыныбында оқыған екен.

Ақтауда анасы 9 жасар баласын өз қолымен өлтірді

Сурет: tumba.kz

Бұл туралы «Лада» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылымға оқиға туралы айтқан тұрғынның сөзінше, оқиға 14 қазанда 5-ықшам ауданда орын алған. Анасы 9 жасар ұлының қолы мен аяғын батареяға байлап қойып, артынша буындыры өлтірген. Бала №7 мектептің 3-сыныбында оқыған екен.

«Ол күйеуімен ажырасқан. Алайда күйеуі ұлымен жиі кездесіп тұратын. Соңғы екі айда ол (ред. әйел) біртүрлі болып жүрді. Үнемі мектепке барып ұрыс шығаратын», – дейді күдіктімен таныс болған әйел.

Күдіктінің танысының сөзінше, полиция оны қылмыс орнында тұтқындаған. Ол өз кінәсін толықтай мойындап, қарсылық танытпапты.

Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының сөзінше, №7 мектеп-лицейде бұл туралы ақпарат тарамаған. Ал мектеп директоры Гүлден Иманғалиева барлық тиісті ақпарат құқық қорғау органдарына тапсырылғанын мәлімдеді.

Әзірге Маңғыстау облыстық ІІД оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау