Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 70 жастағы әжей туған күнінде парапланмен ұшты (видео)

Галина Михайловна Гизатуллина 70 жылдық мерейтойында парапланмен ұшты.

Бұл әжейдің екінші тәжіибесі. Алғаш рет 69 жасында ұшқан. Әжейдің ортаншы ұлы Рафаил Гизатуллиннің өз бизнесі бар. Ол дельтапланмен, парапланмен ұшу бизнесін қолға алған. Анасы көп жылдан бері парапланмен ұшуды армандапты, деп жазады Лада.

«Күйеуіміз екеуміз тәуекелшіл едік. Мұнай ұңғымасының жанында тұрдық. Кавказ тауларында болдық. Біз бармаған жер жоқ. Оның мен секілді ұшуға үлгермегені өкінішті», – дейді әжей.

Галина Михайловна 19 мамыр күні өз туған күнінде ұшып көрді. Оған инструкторсыз ұшуға рұқсат еткен жоқ.

«Әлі де көп рет ұшатын болам. Келесі жылы туған күнімде дельтапланмен ұшсам деймін. Ұлым оның екі есе ауыр екенін айтады. Бірақ әсері керемет дейді. Мен кәріліктен ешқашан қорыққан емеспін. Сондықтан бұл жаста дельтапланмен ұшуды қорқынышты санамаймын. Тіпті татуировка жасатқам. Арқамда жолдасымның есімі жазылған. Балаларым бастапқыда қатты таңғалды. Кейін үйреніп кетті», – дейді әжей.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау