Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 6 жасар қызды зорлап өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

14 ақпан күні Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық соты 6 жастағы Виктория Мининаны зорлап өлтірген қылмыскерді 25 жылға бас бостандығынан айырды.

1487087822

Бұл туралы lada.kz хабарлайды.

Бұған дейін Маңғыстау облыстық прокуратурасы айыптаушылардың ең қатал жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрағылары келетінін жария еткен еді.

Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің: “Кісі өлтіру”, “Адам ұрлау”, “Зорлау”, “Жыныстық мәндегі зорлық жасау”, “Есірткіні заңсыз пайдалану” баптары бойынша айыпталған.

Айыпталушы бастапқыда өз кінәсін мойындаған, бірақ кейінірек ол өз сөзінен қайтып оған камераластары қысым жасағанын айтыпты. Ол алқа билер өзін ақтап шығады деп үміттенген.

Педофилдің адвокаты ер адамның бала кезінде туған ағасынан жыныстық зорлық көргенін, сол себепті жүйке ауытқушылығына ұшырағанын айтқан. 32 жастағы айыпталушының әйелі мен ұлы бар.

Полицейлер 6 жасар қыздың оқиғасына қатысты істі 4 ай бойы қарады. Іс сотқа 26 желтоқсанда берілген.

Естеріңізге салсақ, елді дүрліктірген жантүршігерлік оқиға 20 тамыз күні болған. 6 жастағы қыз жоғалып кетіп, бірнеше сағаттан соң қансыраған сәби Ақтау шетіндегі саяжайдан табылған болатын. Сөйтсе, педофил бүлдіршінге ойына келгенін істепті.

Қыздың өмірі үшін отандық және шетелдік дәрігерлер Астанада бірнеше апта бойы күресті. Алайда Вика 21 қараша күні есін жинамаған күйі көз жұмды.

Оқи отырыңыз:

Семейде анасы суға ағызып жіберген бүлдіршін тірі болуы мүмкін

Елімізде айыппұл көлемі 50 пайызға дейін кемуі мүмкін

Қостанайда жүргізуші таксиге ақша төлемеген қызды жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрледі (видео)

Петропавлда жеті саусағы жоқ мүгедек әлеуметтік қызметкердің кесірінен жәрдемақыдан қағылып қалды

Талқылау