Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 6 жасар қызды зорлаған күдікті ұсталды

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдікті қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

rtpiamv

Кеше, полицейлер дүкендегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған ер адамды ұстады. Күдікті қаладағы құрылыс нысандарының бірінде қолға түскен.

“Қазіргі таңда ұсталған күдіктінің аталған қылмысқа қатысы тексеріліп, сараптамалар тағайындалуда. Әзірге тергеу шаралары барысында басқа ақпараттар пайда болмады”, – деді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі Шолпан Юлдашева.

Бұған дейін Ақтауда 6 жасар қызды ұрлап әкетіп зорлап кеткенін,  қызды зорлаған болуы мүмкін деген адамның видеосы табылғанын хабарлаған едік.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 20 тамыз күні Ақтау қаласындағы №1 ықшам ауданда болған. 6 жасар қыз күндізгі уақытта жоғалып кетеді. Алғашында 2,5 сағаттай өздері іздеп таба алмаған соң ата-анасы полицияға хабар берген. Полицейлер қансыраған бүлдіршінді жағажайдың бірінен тауып, балалар емханасына жеткізген.

Талқылау