Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 6 жасар қызды зорлаған күдіктіні көрген куәгер табылды

Ақтау полицейлері 20 тамыз күні болған қыз зорлау оқиғасына қатысты видеожазбадағы күдіктіні таныған куәгерді тапты.

92871-preview-image

Бұл туралы облыстық ІІД-нің бірінші орынбасары Амандық Мұқашев мәлімдеді.

Куәгер бүлдіршінде тапқан жерден Daewoo Nexia көлігі мен 35-40 жас аралығындағы ер адамды көргенін айтты. Оның айтуынша, күдікті үстіне ақ футболка мен ара шалбар киген екен.

«Біз сол жерден тағы бір күдіктіні ұстадық. Ол полицейлерді көргенде қашуға әрекеттенген. Оның шалбары қан-жоса болған. Сондықтан полицейлер оны ұстап алды. Қазір сараптама тағайындалып, тексеру жүріп жатыр. Бұл адамның қылмысқа қатысы бар деп толық сеніммен айта айлмаймын. Өйткені куәгердің өзі оқиға орнынан өзге күдіктіні көргенін айтуда», – дейді Амандық Мұқашев.

Күдіктінің фотороботы Қазақстанның барлық аумағы мен кеден қызметтерінде таратылған.

Одан бөлек темір жол вокзалы, әуежай, Өзбекстан мен Түркіменстан шекарасында полицейлер бақылау жүргізуде.

Бұған дейін Ақтауда 6 жасар қызды ұрлап әкетіп зорлап кеткенін,  қызды зорлаған болуы мүмкін деген адамның видеосы табылғанын хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

6 жасар бала анасын зорламақ болған ер адамнан құтқарам деп көз жұмды

Есікте бір қызды жабылып зорлаған топ жігіттің екеуі ұсталды (видео)

БҚО-да 10 жасар қызды зорлаған сотталушы түрменің дәретханасында асылып қалған

Талқылау