Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 6 жасар баланы қаңғыбас ит қауып алған

Ақтаудағы 13 ықшам ауданда иесіз жүрген алты ит  мектепке енді барған қызға шабул жасаған. Қаңғыбас иттің бірі қызды тістеп алған.

842593507_4860802

Қыздың анасы оқиға  17-ші ақпан күні, үйінің алдындағы балалар алаңында болғанын айтады.

«Екі қызым бірге ойнайтын балалармен  ауладағы ойын алаңына бет алған. Ол жерге жетпей жатып иесіз иттер оларға шабуыл жасаған. Ересектеу қыздар иттерден қашып кеткен. Менің кіші қызым шалынып, сол жерде  құлап қалған. Сол кезде иесіз иттің бірі оны құйрығынан тістеп алыпты. Мен бірден  жедел жәрдем шақырттым. Қызыма қазір дәрі егіп жатыр. Абырой болғанда төбет қызымды бір рет тістеген, қалған балалар қашып құтылған. Мен ана ретінде әкімдікке сұрағым бар. Неге иесіз иеттерді ұстап әкетпейді? Ертең ол иттер жергілікті шенеуніктердің балаларына да шабулдауы мүмкін ғой»,- дейді  Ләззат Ашикова.

Ләззат төбеттің тісі бұдан да қатты батуы мүмкін еді дейді. Тура сол күні  қызының қалың шалбарда болғанының арқасында, иттің тісі қатты батақоймаған.

Келіншек көпқабатты тұрғын үйлердің маңын торуылдап жүретін, иесіз иттерді жиі көретінін айтады. Сондай-ақ ол қаладағы ветеринарлық станцияның көмегіне жүгінген. Ләззаттың шағымын қабылдаған олар жабайы иттерді ұстауға уәде еткен.

Ақтаулық кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөліміндегілер өздеріне иесіз иттерге байланысты күнде шағым түсетінін айтады.  Қаңғыбас ит, мысықтарды ұстау үшін ЖК (ИП) Қасымов айналысады екен. Жылбасынан бері олар 339 ит пен 12 мысықты ұстапты. Осы мақсатта облыстық қазынадан 484,830 мың теңге бөлінген екен.

 

 

 

Талқылау