Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 5-ші қабаттан құлаған 4 жасар бала көз жұмды

Ақтауда 5-ші қабаттың балконынан құлап кеткен 4 жасар бала көз жұмды. Қайғылы оқиға таңғы сағат 08.30 шамасында болған.

1463343396_dsc00013

Полиция мәліметінше, балконда ойнап жүрген бала ересектердің қарауынсыз қалып кеткен екен. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлайды.

Баланың атасы оны ауруханаға таксимен жеткізген. Алайда бала ауыр жарақат алғандықтан дәрігерлер құтқара алмаған. Аталған дерек бойынша іс қозғалып, зерттеу басталды.

Бұған дейін осыған ұқсас оқиғалар Ақтөбе мен Ақтау және Қарағандыда болған еді.

Талқылау