Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде 5 маусым күні террористі ұстаған ер адам марапатталды

Ақтөбеде 5 маусым күні қантөгіс жасаған террористі ұстап алған көлік жүргізушісі марапатталды.

ымым

Бұл туралы “Диапазон” басылымы хабарлайды.

Қуаныш Қарасартовтың сөзінше, сол күні ол атыс болған жерге жақын маңда кетіп бара жатқан.

“Пантераның” алдындағы көше бойында тұрған патрулдік көлік тұрды. Оның есіктері ашық, артқы терезесіне оқ тиген. Мен дереу тоқтадым. Артқы орындықта отырған үш ер адам да қайтыс болған секілді. Кенет сол маңда қарулы адам пайда бола кетті. Мен оның қаруын тартып алып, дереу жерге алып ұрдым. Басқа бір қылмыскер мені атқанымен, абырой болғанда оқ тимеді. Ол өзі қашып кетті. Ұстап алған ер адамды мен полицейлерге тапсырдым”, – деді ол.

Қуаныш Қарасартовтан сұрау алып, рахметін айтқан тәртіп сақшылары әкімдіктен оны марапатқа ұсынуды сұраған. 29 тамыз күні оны ІІД-не шақырады. Ал Конституция күні қарсаңында оған жасаған ерлігі үшін медаль табыс етілді.

“Пантера” дүкені қасында мен марапат туралы ойламадым әрине. Тіпті не болып жатқанын түсінген де жоқпын. Бірақ, мұндай кезде көмектесуім керек деп шештім. Кезінде әскер қатарында болдым, қазір мүгедектік топтамын, бірақ Алла мені күш-қайрат жағынан әлі де кенде еткен емес. Кейін мұның теракті екенін білгенде марапаттау жария етті,” – деді Қарасартов.

Еске сала кетсек, белгісіз адамдар тобы 5-ші маусымда қаладағы екі қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, нәтижесінде бейбіт қала тұрғындары менәскери қызметкерлер оққа ұшқан. Қалада террорға қарсы операция режимі енгізілді. ІІМ мәліметінше 13 қарақшының жолы кесілген. Соңғы деректер бойынша шабуыл кезінде жалпы саны 7 адам көз жұмған. Ішкі істер министрлігі күдіктілердің діни радикалды ұйымға қатысы барболуы мүмкін деп атады.

Ақтөбедегі теракт барысында қарапайым қала тұрғындары мен әскери адамдар запа шегіп, өмірлерімен қош айтысты.

Талқылау