Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 4 айлық сәбидің күннен күнге іші өсіп барады

Ақтауда жаңа туған нәрестенің емін отандық дәрігерлер таппай отыр. Ақтауда емін таппаған дәрігерлер ана мен баланы Алматыға жіберген, деп хабарлайды КТК.

Сәбидің туғаннан өті дұрыс бітпеген. Бір айлық кезінде өтіне ота жасалған. Одан кейін бауырының жұмысы бұзылған. Сәбидің іші уақыт өткен сайын ісіп, денесі сарғайып келеді. Ал, алматылық дәрігерлер сәбидің салмағы аз екенін айтып, ота жасаудан бас тартты.

Ата-анасы ота жасай алатын адамды Үндістаннан тапқан. Бірақ шетелдік дәрігер қызметінің құнын 25 мың долларға бағалапты. Қаражаттан қысылған ата-анасы көпшіліктен көмек сұрайды.

Әкесі ұлына өзі донор болып, бауырын кесіп беретінін айтты.

“Өз көлігімді сатып бірінші отасын жасаттық. Бірақ қымбат отаға ақшамыз жоқ. Мен өз бауырымды ұлыма беріп, донор болмақпын”,- дейді әкесі Бақыт Сатқанбаев.

Бұған дейін Алматы облысында дәрігерлердің тағы бір 3 айлық сәбидің дертін таба алмай отырғанын жазған едік. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау