Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылған шопыр мас күйінде ұсталған

Құқық қорғау органы қызметкерлерінің сөзіне қарағанда қалада жүргізуші куәлігінен айрылған шопырлар наша шегіп алған, мас күйінде ереже бұзып, жиі ұсталып жатады екен.

жүргізуші

Бұл туралы tumba.kz жазған.

Өткен  демалыста қала  тәртіп сақшылары осындай 5 жүргізушіні ұстаған. Олардың бірі ұрланып көлік жүргіземін деп жол көлік оқиғасына ұшыраған. Сондай-ақ дене жарақатын алған шопыр  ауруханаға жатудан бас тартыпты.

Ал бір жүргізушінің көлікті наша шегіп алып басқарғаны анықталған.

Бұл жүргізушілердің арасындағы ең қауіпті әрекет жасаған екі шопыр болған. Олар құжатсыз жеңіл көлікті емес, жүк көлігін жүргізген.

Олардың бірі 26 жаст. Ол «Газ-33021» көлігін басқарған. Оның көлік жүргізу куәлігі 2015 жылы үш жыл уақытқа алынған еді.

 

Талқылау