Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 3 жасар бала шұжықтан уланып көз жұмды

Ақтауда бір отбасының 6 мүшесі тамақтан уланып, облыстық ауруханаға түсті. Оның төртеуі жас бала.

Ақтауда 3 жасар бала шұжықтан уланып көз жұмды

Зардап шеккендер ауруханаға 12 қараша күні жеткізілді, деп жазды Лада.

“Қонаққа барған едік. Балалар шұжық сұрап жеді. Үйдің иесі шұжықтың бірнеше күн тұрып қалғанын ескертті. Сонда да қуырған екен. Түнгі уақытта балам мазасыздана бастады. Марганецпен ауырғанын баспақ болдым. Ол тыныштана бастағанда, басқа үш балам да солай ауырды. Сол кезде дәрігер шақырттық”,- дейді анасы Лидия.

Маңғыстау облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің өкілдері қара жамылған отбасының тұрмысы нашар екенін атап өтті.

“Балалардың ата-анасы ішімдік ішеді. Таңғы уақытта 3 жасар бала шетінеп кетті. Анасы мен балалары аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде”, – дейді департамент өкілдері.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау