Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 2 млн.теңгеге мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер уәде еткен алаяқ әйел ұсталды

Полицейлердің анықтағанындай, Нәзира есімді әйел өзінің таныстарын қалалық әкімдікте жақсы байланыстары барына, «Жас отбасы» бағдарламасы бойынша пәтер алып беруге мүмкіндігі бар екеніне сендірген.

Бұл туралы STAN.KZ хабарлайды.

Тұрғын үйге мұқтаж 27 жастағы жігіттен 2 миллион теңге ақшаны қағып алып, алаяқ әйел із жасырған. Күдіктіні іздеуге бірнеше айлар кетті.

Жедел-іздестіру шараларының барысында күдікті ұсталды. Ол Түпқараған ауданының Ақшұқыр ауылының 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Әйел бөгде адамның ақшасын жұмсап үлгірген және өз айыбын мойындамады. Алайда тергеу жинаған айғақтар басқаша.

Күдікті әйелге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы таңдалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау