Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтауда 19 жастағы бойжеткен 5 жасар баланы көлікпен қағып, қашып кеткен

Ақтауда 19 жастағы бойжеткен бес жасар баланы көлікпен қағып, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен.

b3ca2e5a3bbd451730cb624933b28e10

Сурет: www.temaufa.ru 

Бұл туралы Lada.kz хабарлайды.

Полицияның мәліметтерінше, жол-көлік оқиғасы 27 наурыз күні Ақтау қаласындағы «Бәйтерек» сауда орталығының жанында орын алған. Kia Rio көлігінің жүргізушісі қозғалыс кезінде баланы қағып, оқиға орнынан кетіп қалды.

Жол апаты салдарынан Маңғыстау-3 ауылының тұрғыны бес жасар бала бас жарақатымен облыстық аурухананың травматологиялық бөліміне жеткізілді.

Полицейлер жедел-іздеу шараларын ұйымдастырып, баланы қағып кеткен азаматшаны ізін суытпай анықтады. Ол Ақтаудағы «Самал» шағынауданының 19 жастағы тұрғыны болып шықты.

Баланы қағып кеткен автомобиль айыппұл тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Талқылау