Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау-Жетібай трассасында бала таңғажайыптың арқасында аман қалды

Ақтау-Жетібай трассасында жас спортшы бала таңғажайыптың арқасында аман қалды.

1471661158

 

Бұл туралы tumba.kz хабарлайды.

Дене шынықтыру мен спорт бөлімінің жетекшісі Рушания Елизарованың айтуынша, сайысқа алты бала қатыспақ болған. Ата-аналардың бірі Шетпені өзге команда мүшесімен бірге пойызға отырғызу үшін вокзалға өздері алып барған. Кейін авария туралы естіп жас спортшы үйіне оралады.

Естеріңізге сала кетсек, 19 тамыз күні сағат 11:30 шамасында “Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау” трассасында апат орын алған. Ішінде бес бала, екі жетекші және жүргізуші отырған Лада-Ларгус қарама-қарсы бетке шығып кетіп, Тайота-Фортунермен соқтығысады. Нәтижесінде 1971 жылғы жүргізуші мен 2003 жылғы бір бала қайтыс болады. Тағы төрт бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген.

. Сол күні кешке Маңғыстау облысының әкімі Әлік Айдарбаев пен Денсаулық сақтау бөлімінің жетекшісі Марал Қадыр балалардың жағдайын біліп қайтқан. Ауруханаға келе салысымен Әлік Айдарбаев ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен хабарласып, аймаққа ең мықты мамандарды алдыртқан.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда жол-көлік оқиғасынан Lada Granta жол жиегіндегі арықтан ұшып өткен

Алматыда екі келіншек жұртқа ерекше жол-көлік оқиғасын көрсетті (видео)

Ақтау полициясы екі баланы қағып кеткен жол-көлік оқиғасының куәгерлеріне іздеу салды

Журналист көлік қағып өлім аузында жатқан адамнан сұхбат алған (видео)

Талқылау