Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

 Ақтаулықты дәрігерлер артық салмағы үшін томографияға түсірмей қойған

2015 жылы 62 жастағы зейнеткер Надежда Бабаеваның бел тұсы ауыра бастаған. Әйел жергілікті емханалардың бірінен терапевтттің қабылдауынан өткен. Дәрігер оны магнитті-резонансты томографияға бағыттайды.

505064316
Ақтау тұрғынының бұл оқиғасы Тумба.kz порталында жарияланды.

“Дәрігер МРТ аппараты салмағы 100 келіден асатын науқастарға арналмағанын айтты. Сонда менің алдымда екі ғана таудау тұрды: ауруға төзу немесе тез арада салмақ тастау. 50 жастан кейін салмағым арта бастады. Небәрі төрт айдың ішінде салмағым 40 келіге арта түсті. Оған дейін 48 киім өлшемінде болдым. Содан кейін эндокринологқа жүгінгеніммен, ол маған көмектесе алмады. Тек арықтауымды айтумен болды. Дұрыс тамақтанбайтынмын немесе шамадан тыс көп азық тұтынатынмын дей алмаймын. Керісінше тағамды аз мөлшерде тұтынамын және көбінесе пайдалы тағамдар жеймін. Тәттіге де құмарлығым жоқ. Алайда соған қарамастан, салмағым – 150 келі», – дейді Надежда Бабаева.

Зейнеткер жабырқаулы. Тексерістен өте алмаса, ол уақытылы емделе алмайды. Демек оның өз аяғымен жүруі де қиынға соғады. Дәл қазір Надежда үшін бұдан сорақы нәрсе болмай тұр.

Дегенмен де дәрігерлер қиын жағдайдың шешімін тапты. Тбилисилік профессор науқасты қабылдап, ақырында МРТ-ның орнына компьютерлік томографиядан өткізді.
505064320
«Естігенде үнсіз қарап отыра алмадық. Әйел көмекке зәру. Біз де оған қол ұшымызды берейік дедік. Қанша дегенмен бізде қажеттінің бәрі бар: сапалы құрылғылар, өз ісін жетік меңгерген кәсіби дәрігерлер. Біз Надежда Васильевнаны өз қарауымызға алдық, оның айығып кетуіне көмектесеміз», – дейді жергілікті емхананың нейрохирургі.

Дәрі-дәрмекпен емдеу шараларынан бөлек зейнеткерге ота жасалуы қажет. Ота барысында оның омыртқасы фиксатор арқылы қалыпқа келтіріледі. Дәрігердің айтуынша, мұндай отаға бармас бұрын Надежда Бабаеваның кем дегенде 20 келі салмақ тастауы керек.  Кері жағдайда отаның пайдасы тимейді. Алдағы уақытта оның ауруы қайталануы мүмкін.

Артық салмақтың әйелдерге қарағанда ерлерге үш есе қауіпті екені анықталды

Зерттеу: қазіргі уақытта артық салмақтың денсаулыққа келтірер зияны аз

Ұлыбританияда артық салмақтан арылатын дәрігерлерге қосымша ақша төленеді

Асқабақ диетасын ұстап, күніне жарты келі артық салмақтан арылуға болады

Талқылау