Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау тұрғыны теңіз жағасынан бұрын-соңды кездеспеген жыртқыш балық тауып алды (фото)

Теңізге шомылуға барған Ақтау тұрғыны, демаламын деп жүріп зәресі зәр түбіне кеткен.

505064530

Бұл туралы tumba.kz хабарлайды.

Ер адам кеше, 30 тамыз күні теңіз жыртқыш балығын көргенін айтады. Оның өлі денесі толқынмен бірге жағаға шығып қалған. Бұл жағдай тұрғынды таңқалдырып ғана қоймай, көкейінде көптеген сұрақтар да туғызады.

“Мен таңырқап, шынымды айтсам қорқып кеттім. Каспиде жыртқыш балықтар қайдан жүр деп ойладым. Мен бұрыннан білемін, мұндай теңіз жануары кездеспейтін. Олар сонда мұнда да тіршілік ете алатыны болғаны ма?”, – дейді Ақтау тұрғыны.

505064531

Осы ретте Маңғыстау аңшылар мен балықшылар қауымдастығының төрағасы Андрей Тищенкоға хабарластық.

“Бұл мақұлық бізге теңіз кораблі арқылы тап болуы мүмкін. Кораблдер теңізді және өзенді кесіп өту кезіндегі тепе-теңдіктегі сақтау үшін өздерімен бірге су алып жүреді. Ол балластта сақталады. Мүмкін сондай кезекті кеме жүзіп өтіп, суын төккен кезде бұл балық та сол кезде бірге түскен шығар”, – дейді Андрей Тищенко.

Бұл жағдайға Маңғыстау облыстық экология департаменті де пікір білдірді.

505064532

“Мұндай жыртқыш балықтар біздің Каспиде ешқашан жүзген емес. Бұл мақұлықтардың теңізде жүзетіні және бұл аумақта әбден болуы мүмкін бола тұра, тәжірибе жүзінде біз мұндай жағдаймен кездесіп көрген емеспіз. Ол Каспиге кеме арқылы келген болуы мүмкін. Бір жағынан браконьерлер де осындай әрекетке баруы ықтимал. Олар бәлкім бұл жануар тіршілік ете ала ма, жоқ па тексеріп көргісі келген болар. Мәселен 2010-2011 жылдары сондай жағдай болған . Олар акуланы теңізге салып сынап көрген еді, алайда ол аса табысты аяқталмады,” – дейді мемлекеттік экологиялық инспектор Бақытжан Зейнелабди.

Инспектор сондай-ақ, жыртқыш балықтың өлімін анықтау үшін балық инспекциясы сараптамауы жүргізуі мүмкін екендігін айтты.

Талқылау