Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтау тұрғыны пәтерінде марихуана өсірген

Жұмыссыз болған Ақтау тұрғыны пәтерінде жылыжай жасақтап, онда есірткі өсірген, деп хабарлады Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

3214

Сурет fishki.net

Ведомство ақпаратынша, 30 жастағы әйел бұрын сауда саласында жұмыс істеген. Алайда кейін ол есірткіні зерттеу әдісін меңгеріп, 5-11 мекен жайындағы пәтерін плантацияға айналдырған.

Көршілерінің сөзіне қарағанда, олар әйелдің не өсіріп жатқанын білмеген. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері азаматшаның заңсыз әрекетін «Көкнәр-2016» жедел-алдын алу шарасы кезінде анықтады, деп жазады Лада.кз.

Тінту кезінде тәртіп сақшылары ұсталғаннан салмағы 12,44 граммды құрайтын 32 қарасора түбін тәркіледі. Әйел үйінде есірткі өсіру үшін барлық жағдай жасаған екен. Суару жүйесі және ауа температурасын бақылау жүйесімен жарақтандырылған.

«Ұсталған А. азаматшасына қатысты ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деді Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Талқылау